БҚО-да экс-полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды

0
587

51 жастағы күдікті жанжал кезінде бұрынғы полицейдің жүрегіне пышақ сұғып алған.


БҚО-да экс-полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында 26 жастағы экс-полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, оқиға 26 қазанда Ақжайық ауданы Чапаево ауылында түнде болған. Полиция департаменті мәліметінше, 51 жастағы күдікті жанжал кезінде бұрынғы полицейдің жүрегіне пышақ сұғып алған. Жедел жәрдемді күтпестен полицей медициналық мекемеге жеткізілген. Ол Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жетпей қаза болған.

Марқұм бұрын ішкі істер органдарында, яғни Ақжайық аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы болып жұмыс істеген.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

БҚО сотының баспасөз қызметі мәліметінше, 28 қазанда Ақжайық ауданының тергеу соты күдіктіні екі айға қамауға алуға санкция берген.