БҚО-да әйел кәмелетке толмаған қызын жезөкшелікке салған

0
798

Үш ай бойы 35 жастағы келіншек қызын жалдамалы пәтерлерде ер адамдарға апарған.


БҚО-да әйел кәмелетке толмаған қызын жезөкшелікке салған

ERNUR.KZ. БҚО-да әйел кәмелетке толмаған 17 жастағы қызын алдап жезөкшелікке салған, деп жазады stan.kz.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері брифингте Оралдағы колледждердің бірінде 2-курс оқитын қыздың оқиғасын айтты.

Деректерге сай, 17 жастағы бойжеткенді өз анасы алдап жезөкшелікке салған. Үш ай бойы 35 жастағы келіншек қызын жалдамалы пәтерлерде ер адамдарға апарған. Ол жарнаманы желіге салып, сол арқылы клиент тапқан.

Тәртіп сақшылары жәбірленушіні туыстарына тапсырды. Ал анасы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.