БҚО-да колледж директоры өз-өзіне қол жұмсады

0
1 052

Оқиға кеше Бәйтерек ауданы Калинин ауылында орын алған.


БҚО-да колледж директоры өз-өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында колледж директоры өзіне-өзі қол жұмсады, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бәйтерек ауданы Калинин ауылында орын алған. Сағат 12.30-да өзіне қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Марқұм сол ауылда колледж директоры болып жұмыс жасаған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында қыз бала жетінші қабаттан секіріп кеткен болатын.