БҚО-да қызамықпен ауырған бүлдіршін көз жұмды

0
447

Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.


БҚО-да қызамықпен ауырған бүлдіршін көз жұмды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында қызамықпен ауырған бала көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Тасқала ауданында балалар арасында қызамық ауруының алты жағдайы анықталды. Бес науқас "Балдырған" балабақшасынан. Мекеме карантинге жабылды.

"Тасқала аудандық ауруханасында екі бала стационарлық ем қабылдап жатыр. Тағы екеуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. Бір бала карантиннен шығарылды. Тағы бір бала көз жұмды. Патологиялық сараптама жасалды. Өлімнің себебі қосымша зерттеулерден кейін анықталады", - деді денсаулық сақтау басқармасы.

Стационарда емделіп жатқан үш баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бір баланың жағдайы ауыр.

Қызамық – жұқпалы ауру. Дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріледі, әлсіздік, бас ауруы, жұтынған кезде тамақ ауруы байқалады. Аурудың бірінші күнінің соңында мойын мен дененің үстіңгі жағында бөртпе пайда болады. Сосын ол бүкіл денеге тез тарайды.

Өткен жылдың наурыз айында Орал қаласындағы балабақшалардың бірінде қызамық ауруы анықталған еді.