​БҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары басталып кетті

0
1 432

Жайық, Шаған, Қарөзен және Сарыөзен бойынша. Енді Орынбор, Саратов облыстарының берген мәліметтері бойынша оларда биыл қардың түсуі жоғары, яғни бұл өзендерден су келеді деп күтілуде.


​БҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары басталып кетті

ERNUR.KZ. Биыл Ақжайық өңіріне ақ ұлпа өте мол түсті. Осыған байланысты қазір аймақта төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қолға алынған, деп жазады 24.kz.

Мамандардың айтуынша, биыл түскен қардың көлемі былтырғыдан 3 есеге артық. Қазіргі уақытта облыс аумағында 720 мың текше метрдей қар шығарылған. Облыс орталығында 28 эвакуациялық пункт дайындалыпты. Биыл аймаққа ақ ұлпаның мол түскені рас. Күн күрт еріген жағдайда күтпеген жағдайлар болуы мүмкін екендігін мамандар да жоққа шығармайды. Сондықтан қазір қолдағы барлық күш пен құралдар су тасқынының алдын алу шараларын бастап кетті.

Марс Отаров, облыстық ТЖД бөлім бастығы:

- Негізі су тасқыны БҚО аумағында трансшекаралық өзендерге байланысты. Жайық, Шаған, Қарөзен және Сарыөзен бойынша. Енді Орынбор, Саратов облыстарының берген мәліметтері бойынша оларда биыл қардың түсуі жоғары болып отыр. Яғни бұл өзендерден су келеді деп күтеміз.

Су тасқыны қаупі бар. Су тасқыны қаупі негізінен Орал қаласы мен Бәйтерек, Тасқала және Қазталов аудандарына төнуі мүмкін. Сондықтан негізгі жұмыстар осы аумақтарда жүргізіледі. Материалдық қор жеткілікті. Тасқын суға тойтарыс беру үшін 125 мыңдай қапшық қоры, 156 тонна жану-жағармай мен 700-дей техника дайын күйде. «Бір сөзбен айтқанда, жағдай бақылауда», – дейді мамандар.