​БҚО-да сыра қайнату кешені отқа оранды

0
878

Өрттің аумағы 150 шаршы метрді құрады.


​БҚО-да сыра қайнату кешені отқа оранды

ERNUR.KZ. Ақсай қаласында «Алтын шатыр» сыра қайнату кешені өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңғы сағат 05.46-да болды. Халықтар достығы 6/1 мекенжайында бір қабатты ғимаратта кабинет, төбе жабыны және жабдықтар жанған. Өрттің аумағы 150 шаршы метрді құрады. «Тілсіз жау» 06.26-да оқшауланып, 07.10-да ауыздықталды. Өртті сөндіруге 8 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.