БҚО-да тағы бір бала токқа түсті

0
304

6 жасар бала ойнап жүріп, трансформаторға жақындаған.


БҚО-да тағы бір бала токқа түсті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде тағы бір бала токқа түсті, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, бала аудандық ауруханаға жатқызылған.

Жазатайым оқиға 24 мамырда Казталов ауданы Бостандық ауылында болған. 6 жасар бала ойнап жүріп, трансформаторға жақындаған. Сөйтіп, баланы электр тогы соққан. Аудандық аурухананың бас дәрігері Зинур Саткештің айтуынша, баланың жағдайы орташа.

"Бала алақаны мен маңдайынан 1-2 дәрежелі электр жарақатын алған. Қазір ол ауруханада және барлық қажет емді алып жатыр", - деді аудандық аурухананың бас дәрігері.

Ауылдық округ әкімі Асланбек Сармалаев трансформатор шаруа қожалығының басшысына тиесілі екенін және қоршалмағанын айтты.

"Трансформатор иелеріне үнемі оларды қоршау керегін айтамыз. Мұндай проблема тек жеке трансформаторларға емес, электр желілеріне де байланысты. Оны ешкім кіре алмайтындай етіп қоршау керек", - деді Асланбек Сармалаев.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ойнап жүріп, трансформатор ұстаған 5 жасар бала қолынан айырылғаны хабарланған болатын.