БҚО-да тұрғын үйдегі өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды

0
454

40 және 30 жастағы ер адамның денесі табылған.


БҚО-да тұрғын үйдегі өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды, деп жазады inform.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы Садовое ауылында болды.

«Сағат 07.25-те жеке үйдің төбесі мен жеке заттар жанған. Өрт аумағы шамамен 15 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан 40 және 30 жастағы ер адамның денесі табылды. «Тілсіз жау» сағат 08.29-да оқшауланып, 08.55-те ауыздықталды. Жалынды сөндіруге 21 адам 6 техникамен жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.