БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтаған

0
372

Кеуде тұсынан жарақат алған құтқарушы ауруханаға жеткізілді.


БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтаған

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушы пышақ жарақатын алды, деп жазады inform.kz.

Оқиға 31 наурыз күні кеште Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Ішімдік ішкен адам 26 жастағы құтқарушыға шабуылдаған. Кеуде тұсынан жарақат алған құтқарушы ауруханаға жеткізілді.

«Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған», - деп хабарлады ТЖМ.

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.