БҚО-да үш жасар қыз белгісіз жағдайда далада жоғалып кетті

0
1 122

Қыз аман-сау аудандық ауруханаға жеткізілген. Бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнбеген.


БҚО-да үш жасар қыз белгісіз жағдайда далада жоғалып кетті

ERNUR.KZ. БҚО-да анасының жанында келе жатқан үш жасар бүлдіршін ауылдан 6 шақырым жердегі далада белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Қыздың анасы бөьектен қалай көз жазып қалғанын өзі де байқамай қалған, деп жазады Stan.kz

Полицияның мәліметінше оқиға 28 тамыз күні сағат 22:00 кезінде орын алған. Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылына қонаққа бара жатқан тұрғын қызымен бірге жолай автокөлікке мінген. Кейін қызы екеуі түсіп қалған. Қараңғы түскен уақытта әйел қызымен жаяу келе жатып, кенет қызынан көз жазып қалған. Шошынған ана жан-жағынан іздесе де қызын таппай қойған. Кейін нәтиже болмаған соң полицияға хабарласқан.

“Жәнібек аудандық полиция бөліміне 32 жастағы Жәнібек ауылының тұрғыны хабарласып, 3 жасар Айару есімді қызының жоғалып кеткені туралы айтып, арыз қалдырған. Кішкентай бүлдіршінді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу жұмыстары түнімен жүргізілді. Іздеу салынған Айару таңғы 04:00-де шекара қызметінің кинолог иттерінің көмегімен табылды”, – делінген полиция хабарламасында.

Қыз аман-сау аудандық ауруханаға жеткізілген. Бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнбеген.