БҚО-да жаңа туған сәбиін өлтірген студентке қатысты сот үкімі шықты

0
2 415

Нәресте шамамен 8-8,5 айлық болған.


БҚО-да жаңа туған сәбиін өлтірген студентке қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Оқиға 2020 жылдың 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болған. 4 ақпанда Казталов аудандық №2 соты жаңа туған сәбиін полиэтилен пакетке орап, көшедегі дәретханаға тастаған студент қызға қатысты үкім шығарды. 19 жастағы тұрғын 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жігітінің бала үшін жауапкершілік алудан бас тартқанын, жүкті екенін ата-анасына айтудан қорыққанын жеткізді.

Сот үкімімен Қазталов ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған нәрестені анасының өлтіру) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға сотталды.

Сараптама қорытындысы бойынша, баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Нәресте шамамен 8-8,5 айлық болған.