БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт бала қаза тапты

0
534

Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты.


БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт бала қаза тапты

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. Оның төртеуі кәмелетке толмаған балалар, деп жазады tengrinews.kz.

17 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара-Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.