БҚО-да жас жігітті пойыз қағып кетті

0
914

Аталған дерекке қатысты іс қозғалды.


БҚО-да жас жігітті пойыз қағып кетті

ERNUR.KZ. БҚО-да пойыз қағып кеткен ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Azattyq Ruhy.

Қайғылы оқиға 10 тамызда сағат 4:00 шамасында Қазақстан бекеті маңында болған.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кезекші бөлімшеге жүк пойызының белгіленбеген жерде теміржолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

«27 жастағы жігіт – Ресей азаматы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында жас жігіттің оқиға болған сәтте құлаққап киіп алғаны және пойыздың дабыл сигналын естімегені анықталды.

Аталған дерекке қатысты «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды.