БҚО-да жоғалған адамды тікұшақпен іздеп жатыр

0
1 534

1961 жылы туған азамат жұмыстан шығып жоғалып кеткен.


БҚО-да жоғалған адамды тікұшақпен іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты ескертулер жасалып, республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдары жабылған болатын, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«22 қараша күні кешкі сағар 20:37-де Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақжайық ауылында таңертеңгі сағат 10.00-де 1961 жылы туған азаматтың жұмыстан шығып жоғалып кеткені жөнінде хабар түседі. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіледі. 23 қараша күні 13 сағат 00 минутта іздестіру-құтқару жұмыстарына Орал қаласының аэропортынан «Еврокоптер» әуе ұшағы көтерілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы экипажда 3 адам, жеке құрамнан 25 адам, 9 техника жұмылдырылды. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруін бақылап, абай болып, енгізілген шектеулер туралы ақпаратпен танысуға кеңес береді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ақпаратты 112 құтқару қызметінің телефон номерінің хабарламасынан, сондай-ақ, «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады. Сонымен қатар, отын қоры бар канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған ыдыс, шай термосы және азық-түлік қоры мен жылы киімнің болуы, ең бастысы, автокөлік техникалық жарамды күйде болуы керек.