БҚО-да жоғалған екі бала табылды

0
533

Іздестіру іс-шараларына БҚО ПД барлық жеке құрамы, еріктілер мен жанашыр еріктілер жұмылдырылды.


БҚО-да жоғалған екі бала табылды

ERNUR.KZ. Балалар үйінің екі тәрбиеленушісі аман-есен табылды, деп жазады BAQ.KZ.

"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Зачаган Пб учаскелік инспекторлары сағат 14:00 шамасында «Меловые горки» ауданында орналасқан «Комарово» саяжай қоғамының қараусыз қалған үйден кәмелетке толмаған 2007 ж.т. М.В.Федулеф, 2013 ж. т. Харченко Н. А. аман-есен табылды", - делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Іздестіру іс-шараларына БҚО ПД барлық жеке құрамы, еріктілер мен жанашыр еріктілер жұмылдырылды. Іздеу екі күн бойы жүргізілді.

"Жасөспірімдер қашу себебі зеріккеннен болғандықтарын түсіндірді. Олардың табылған жері бойынша ұрланған заттар табылып, тәркіленді. Дәрігерлер қарағаннан кейін балалар Балалар ауылына жеткізілді. Медициналық тексеру барысында дене жарақаттары анықталған жоқ, кәмелетке толмағандар тарапынан шағымдар түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Ұрлықтың анықталған фактілері бойынша 188-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда балалар ауылының екі тәрбиеленушісі іздестіріліп жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.