БҚО-нің әкімі тергеу изоляторының ғимаратын сатылымға шығарды

0
420

​Оралда салынып бітпеген тергеу изоляторының ғимараты инвесторларға берілмек. Нысан жеңілдікті шарттармен сатылымға қойылды.


БҚО-нің әкімі тергеу изоляторының ғимаратын сатылымға шығарды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының басшысы Ғали Есқалиев өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп жазады exk.kz.

Оның айтуынша, әкімдіктегілер аумағы 35 000 шаршы метр болатын ғимаратты сатып алушыларды іздеп жатыр. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада 1500 орындық тергеу изоляторының ғимараты сатылып жатқаны туралы айтылған. Құрылысы 2013 жылы басталған нысанның құрылыс жұмыстары 90%-ы аяқталған. Ғимараттың құны 5,2 миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Жер учаскесінің жалпы аумағы — 11,8 гектар; ғимараттың ауданы — 34 931,4 шаршы метр. Әкімшілік ғимарат, жатақхана, спорт залы, гараждар, режимдік үй-жайлар, шеберханалар, көкөніс қоймасы, асханасы мен қазандығы бар, делінген жазбада.

Облыс әкімі нысанды кез-келген бизнеске беруге дайын екенін айтты. Оның ішінде әлеуметтік бағдарланған кәсіптерге (медициналық орталық, ШОБ үшін бизнес-инкубатор, жастар арналған алаң және т.б.) басымдық берілген.

"Нысан инвесторға жеңілдікті шарттармен-төлемді кейінге қалдыра отырып, теңгемен беріледі. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті де қарастыруға болады, онда объектінің сомасы инвесторларға өтелмейді, бірақ инвестордың жобасына мемлекет үлесінің есебіне түсіп отырады", — деп жазды Ғали Есқалиев.

Өңір басшысы мемлекет жоба қызметтерін (медициналық қызметтер, білім беру қызметтерін жан басына қаржыландыру және т.б.) тұтынушы ретінде әрекет ете алатынын айтты.

Нысанды сатып алуға ниетті инвесторлар облыс әкімінің WhatsApp-тағы жеке нөміріне жаза алады.