БҚО тұрғыны жас жігітті мылтықпен атып өлтірді

0
1 185

1994 жылғы жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмған.


БҚО тұрғыны жас жігітті мылтықпен атып өлтірді

ERNUR.KZ.Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жас жігітті мылтықпен атып өлтірді, деп жазады Stan.kz.

Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Бегімбековтың сөзінше оқиға Бәйтерек ауданы Дариян аулында орын алған. 12 маусым сағат 03.55-те Приурал полиция бөліміне белгісіз біреудің Песочная мен И.Тайманов көшелерінің қиылысында 1994 жылғы жігітті мылтықпен атқаны жөнінде хабар түскен.

Нәтижесінде жігіт алған ауыр жарақаттарынан жансақтау бөлімінде көз жұмған.


"Марқұм алған жарақатынан Орал қалалық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жедел іздестіру шаралары барысында Дариян ауылының 1983 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды", - дейді полиция департаментіндегілер.


Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.