Блогер жаңа уақытқа байланысты Қазақстанда жұмыс кестесін өзгертуді ұсынды

0
344

Блогердің сөзінше, біз ерте ұйықтап, ерте оянып жүргендіктен жұмыс уақытын да соған лайық өзгерту керек.


Блогер жаңа уақытқа байланысты Қазақстанда жұмыс кестесін өзгертуді ұсынды

ERNUR.KZ. Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты блогер Нұр Қанатұлы қазақстандықтарға жұмыс күнін сағат 8:00-де бастап, 17:00-де аяқтауды ұсынды, деп жазады stan.kz.

Блогердің сөзінше, біз ерте ұйықтап, ерте оянып жүргендіктен жұмыс уақытын да соған лайық өзгерту керек.

"Менде мынадай ұсыныс бар: жұмыс уақытын таңғы 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін өзгертсек. Өйткені, бізді бір сағатқа артқа жылжытты. Біз ерте ұйықтап, ерте ояна бастадық. Сіздерге қалай? Өз пікірлеріңізді жазсаңыздар", – деді блогер.



Блогердің ұсынысын Instagram қолданушыларының көбі қолдады.

"Мектеп мәселесін де көтеру керек. Балалардың сабағы 19:00-де аяқталады. Бұл бұрынғы уақыт бойынша 20:00. Дала қою қараңғы", "Иә, бір уақытта электр қуатының тарифі көтеріліп, уақыт энергия орталығының пайдасына өзгертілді. Жарықты 1 сағат бұрын қосамыз. Монополия пайда тауып жатыр", "Таңертең сыртқа шықсаң түс болып кеткен сияқты әсер аласың", – деді желі қолданушылары.

Еске салайық, 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан еді.