Блокпостағы көлік апаты: Екінші полиция қызметкері көз жұмды

0
749

Полиция сержанты есін жимастан ауруханада қайтыс болды.


Блокпостағы көлік апаты: Екінші полиция қызметкері көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы облысы аумағындағы блокпоста болған көлік апатынан жарақат алған екінші полицей көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең шамамен таңғы сағат 05: 30-да Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылындағы Алматы қаласының блокпостында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіқанов есін жимастан ауруханада қайтыс болды.


«Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы, 1994 жылы Алматы қаласында туған. Ол ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір айлық қызы бар»,– деп хабарлады полициядан.


Еске салайық, 1992 жылы туған А. есімді мас азамат «ВМW» №4 блокпосты бұзып өткен. Апат салдарынан полиция аға лейтенанты 1978 жылы туған Жалғас Жанғазиев оқиға орнында көз жұмды.