Бөгеттегі құм толы қапшықтарды ұрлап кеткендер ұсталды

0
162

Олар қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған.


Бөгеттегі құм толы қапшықтарды ұрлап кеткендер ұсталды

ERNUR.KZ. Жағалаудағы бөгеттен құм толы қапшықтарды жымқырғандар ұсталды, деп жазады baq.kz.

18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ашық түрде жымқырғандар анықталып ұсталды.

42, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел адам алдын ала ақылдасып құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған. Оларға қатысты ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.