​«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын шетелдік ЖОО-ның тізімі өзгерді

0
1 703

«Казахстанская правда» газетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының жаңа тізімі жарық көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын шетелдік ЖОО-ның тізімі өзгерді

фото azh.kz

«Казахстанская правда» газетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының жаңа тізімі жарық көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушы Асылова 2018 жылдың 4 сәуірдегі бұйрыққа сәйкес, «2018 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына өзгеріс енгізілді.

«2018 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», – делінген бұйрықта.

«Аталған бұйрықпен бекітілген 2018 жылғы “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрықтағы қосымшаға сәйкес өзгертіледі», – делінген мәтінде.