"Болашақ" бағдарламасы тізіміне Ресей университеттері енді

0
506

Тізімге 27 елдің 200-ден астам университе енген.


ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігі "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Енді техникалық бағыттағы мамандарды дайындайтын оқу орындары тізімінде мына ресейлік университеттер бар:
  • Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті;
  • "МИФИ" Ұлттық зерттеу ядролық университеті;
  • Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті;
  • Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты.
Қазіргі уақытта министрлік тізімге "МИФИ" Ұлттық зерттеу техникалық университетін және Ұлттық зерттеу университетін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр", - деді Білім және ғылым министрлігі өкілдері.

Министрлік мәліметінше, тізімге 27 елдің 200-ден астам университе енген.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі "Болашақ" бағдарламасы басқа елдермен және университеттермен мамандарды даярлау географиясын кеңейтетінін мәлімдеді.

"Былтыр Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка енді. Сонымен бірге, "Болашақ" бағдарламасына түсу мүмкіндіктері, мысалы, Гарвард университетінде, Массачусетс технологиялық институтында, Оксфорд университетінде немесе Принстон университетінде және т.б. бұрынғысынша қалатынын түсіну керек. Әлемдегі 200-ден астам жоғары оқу орындарының тізімі тағы бірнеше беделді ресейлік жоғары оқу орындарымен толығатыны түлектерге жоғары оқу орындарын таңдауда одан да көп мүмкіндіктер беріп, техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға қолжетімділікті кеңейтеді. Сонымен қатар, біз мамандарды даярлаудың техникалық бағыттарына баса назар аударамыз", - деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

21 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" білім беру бағдарламасы қайта бағытталатынын мәлімдеген болатын.