Болашақта елорда атауын өзгертуге бола ма – Әділет министрі жауап берді

0
439

Конституцияда өзгертуге болмайтын бірқатар бап бар.


Болашақта елорда атауын өзгертуге бола ма – Әділет министрі жауап берді

ERNUR.KZ. Әділет министрі Қанат Мусин болашақта ел астанасының атауын өзгертуге бола ма деген сұраққа жауап берді, деп жазады stan.kz.

Министрдің айтуынша, Конституцияда өзгертуге болмайтын бірқатар бап бар. Бірақ астана атауына қатысты норма олардың қатарына жатпайды.

"Елорда атауы "өзгермейтін" нормалар қатарына жатпайды. Яғни келешекте қала атауын өзгертуге мүмкіндік бар. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Конституцияға өзгерістер енгізу президенттің Жарлығы арқылы жүзеге асырылады", - деді Мусин парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ, тілшілер министрден Нұр-Сұлтанды Астанаға өзгерту туралы шешім қашан шығатынын сұрады.

"Мен айта алмаймын, шешімді президент қабылдайды. Менің ойымша, Конституция енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін, өзгеріс болады", - деп жауап берді министр.

Айта кетсек, бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституцияға енгізілетін түзетулер қабылданды. Заң жобасы шеңберінде үш бағыт қаралды: біріншісі - кейіннен қайта сайлау құқығынсыз ұзақтығы жеті жыл бір президенттік мерзім туралы ереже, екіншісі - конституциялық соттың қайта тағайындалған судьялары болуға шектеу белгілей отырып, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін сегіз жылға дейін ұлғайту, үшіншісі – Қазақстан астанасының атауын өзгерту. Депутаттар заңды бірауыздан қабылдап, президентке жіберді.