Болат Өтемұратов қоры Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 5 млн доллар бөлді

0
303

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғыс хат жолдаған еді.


Болат Өтемұратов қоры Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 5 млн доллар бөлді

ERNUR.KZ. Түркия Республикасының Астанадағы елшілігі Болат Өтемұратов қорына Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Б. Өтемұратов қоры Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасына (AFAD) 5 миллион доллар көлемінде қаражат бөлген.

«Біз бауырлас халықтарымыздың ынтымақтастығы мен өзара көмек көрсетудің үздік дәстүрлеріндегі осы маңызды және уақытылы қолдауды жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті елші Мұстафа Капуджу.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғыс хат жолдаған еді.

«Қазақстанның берген жәрдемі зілзаланың ауыр салдарымен күрес кезінде халқымызға зор қолдау болды», - деді Түркия президенті.