​Боран салдарынан республикалық маңыздағы жолдар жабылды

0
1 600

Күшейіп келе жатқан боран салдарынан республикалық маңыздағы автокөлік жолдары жабылды


​Боран салдарынан республикалық маңыздағы жолдар жабылды

ERNUR.KZ. Күшейіп келе жатқан боран салдарынан республикалық маңыздағы автокөлік жолдары жабылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, «Екатеринбург-Алматы» жолы бойынша Астана мен Теміртау аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұндай шараны қабылдауға боран мен көктайғақ себеп болды.

Сонымен қатар, бүгін түстен кейін Павлодар облысы аумағындағы «Омбы-Майқапшағай» автожолының 191-398 шақырымындағы Павлодар ауылы мен РФ шекарасы аралығында жол жабылды.