"Борат Американың заңсыз тыңшысы" - Айгүл Орынбек

0
823

Заңгер әртістің түп мақсаты қандай екенін жеткізді.​​


Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында Боратқа қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Мен де жалындаған, ұрандаған жазба жазаламын, жазатын жерде жазып жүрмін!

Ал борат деген сайқымазаққа келгенде, мән бермеуді жөн көрдім.
Онсызда бықсып жатқан дүниені , лаулатқым келмеді.
Оның өмірбаянын оқып, зерттеген адам ретінде айтайын, түбі еврей, Лондонның тумасы, Американың жансыз тыңшысы борат!
Оған дәл қәзір біздің елде қырғын болғаны керек!
Ол әдейі біздің жалауды қорлап, қараңдар сендердің биліктерің маған ештеңе істей алмайды деп, билік пен халық арасына от салып отыр!
Оны қайта-қайта салып жарнамалай берудің қажеті жоқ!
Біздің жазбаларымызды Америка оқып отыр десе сенбейтін едім, осыдан екі жыл бұрын өзіме Америкадан БҰҰ нан адамдар келіп жолыққан соң көзім жетті. Сіздің жазбаларыңызды үзбей оқимыз, біз сізге көмек берейік деп көмек ұсынды!
Өз елімде өзім күресе аламын, біздің ішкі жұмыстарымызға арласпаңыздар деп, нық айттым!
Содан биыл Америка елшілігінен тағы хабарласты Түркістан облысы бойынша зорлаған қыз жайлы, немен бітті, деп сұрау салып!
Бәрінің заңды жазасын алып,әділеттілік орнағанын айттым!
Жалпы олар біздің елге қызығушылығы өте зор екенін осы жағдайлардан кейін білдім!
Сосын ұрандатып әлгі сайқымазақ, іріткі салушы жайлы ештеңе жазғым келмеді!
Биліктің қателігі өте көп мойындаймын, дәл қәзір билікті сөккеннен ештеңе ұтпаймыз, қазір бірігуіміз қажет!
Іріткі салушылардың айласына түсіп қалмауымыз керек!
Елдің гүлденгені бізге, қирағаны оларға керек!
Таңдау өзімізде, қандай ақпарат шықсада, түбін зерделей білейік!
Тәуелсіздігіміз шайқалмасын, көк туымыз бүкіл әлемде биікке самғай берсін!
Көк туыңды шынымен мақтан тұтсаң, ол видеоны таратпа!
О нұрбот, билікке сатылып кеттің, анау-мынау деулерің мүмкін, көзі ашық түбін зерделеген адамдар мені түсінеді!", - деп жазды заңгер.