Бораттың кегі: Қазақстандықтар Саша Коэннің суреті бар әжетхана қағазын шығарды

0
1 928

Әзілкештер Саша Барон Коэнді Қазақстанға шақырды.


Бораттың кегі: Қазақстандықтар Саша Коэннің суреті бар әжетхана қағазын шығарды

ERNUR.KZ. Отандық әзілкештер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азим Садибаев атышулы Борат фильмін түсірген Саша Барон Коэнға "жауап" дайындады.

Әзілкештер британдық күлдіргіш бейнеленген дәретхана қағазын шығарды. Сондай-ақ қазақстандық әзілкештер Саша Барон Коэнға ағылшын тілінде бейнеүндеу жолдады.

"Саша Барон Коэн, бай болуға ой тастағаның үшін рахмет! Біз сенің бейнең бар, сенің атыңмен аталатын дәретхана қағазын шығардық. Егер Қазақстанды көргің келсе, кел. Біз сені шақырамыз!" - дейді бейнеүндеуде Азим Садибаев.