​ Бөтелкемен ұрған: Талдықорғанда ер адамның әрекеті жұртты шошытты

0
659

Белгісіз адамның орынсыз қылығы қала тұрғындарын шошытты, полициядан оны тез арада тауып, қамауға алуды талап етті.


​ Бөтелкемен ұрған: Талдықорғанда ер адамның әрекеті жұртты шошытты

ERNUR.KZ. Талдықорғанда қала орталығында өтіп бара жатқан қызға негізсіз шабуыл жасап, сыра бөтелкесімен ұрған жас жігіт іздестіріліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Ерсі әрекетімен қала тұрғындарын шошытқан қылмыскердің суреті әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жазба авторы жігіттің "Атамекен" ойын-сауық орталығының алдында қызды ұрып, оқиға орнынан қашып кеткенін атап өтті.

Полиция бұл ақпаратты растап, оқиғаның 15 шілде күні сағат 23:00 шамасында болғанын айтты.

"Қазір қалалық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша шаралар жүргізуде. Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлімі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

25 жастағы қыздың ауыр жарақат алмағаны хабарланды. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол амбулаториялық емделуге жіберілді.