Бозжыра қорығындағы құрылыс: ЖСҚ әзірлеуге тендер жеңімпаздары жарияланды

0
900

Жобалау-сметалық құжаттамаға тапсырыс беруші Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.


Бозжыра қорығындағы құрылыс: ЖСҚ әзірлеуге тендер жеңімпаздары жарияланды

ERNUR.KZ. Бозжыра шатқалына және оның қарау алаңына автомобиль жолдарын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу жөніндегі конкурстардың нәтижелері жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Жобалау-сметалық құжаттамаға тапсырыс беруші Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Билік құжаттаманы дайындауға жұмсауға қажет сомалар конкурстан кейін өзгеріссіз қалды: Бозжыраның қарау алаңына дейін автожол салу бойынша ЖСҚ әзірлеу - 18,5 миллион теңге, шатқалға жол салу бойынша - 23,2 миллион теңге.

Екі конкурс бойынша жеңімпаз жергілікті "Жобалау Орталығы" ЖШС болды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар мен табиғат қорғаушылар әлеуметтік желілерде наразылықтарын білдіріп, Бозжыра қорығында қонақүй салуға қарсы болған.

Кейін Президент үкіметке қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырған. Ол қонақ үй салуға арналған қоғамдық кеңестердің, экологиялық сарапшылардың және мемлекеттік ведомстволардың келісілген пікірін ескере отырып, жаңа жерді таңдау керегін айтқан.