Бозжыраға кіру ақылы болды

0
1 320

​Келушілер саны көбейіп келеді.


Бозжыраға кіру ақылы болды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына кіру биыл наурыз айынан бастап ақылы болды. Қазірдің өзінде оған бес жүздің үстінде адам барып, 291 теңгеден төлеген, - деп жазды inbusiness.kz

Айта кетейік, қорыққа ақылы негізде кіру облыстық мәслихат бекіткен хаттама негізінде жүзеге асып отыр. Ол бойынша Қызылсай мемлекеттік паркіндегі 7 туристік маршрутты тамашалауға келген жеке және заңды тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғандары үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлейді. Бұл қаржы Қарақия аудандық кірістер басқармасынан арнайы ашылған есепшотқа түсіп тұрмақ. Автокөлік пен экскурсия жетекшісіне қорыққа кіру тегін.

«Наурыз айынан бері 560 адамның келгені тіркелді. Дегенмен, бұл сан күн санап артып отыр. Мәселен, тек қана сәуір айының басынан бергі санаулы күнде 223 адам келді. Түскен қаражат қаумал аумағына қоқыс контейнерін қоюға, жолдарды жөндеп, шлагбаум орнатуға жұмсалады»,– дейді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ қызметкері Наурыз Әнесов.

Оның айтуынша, мекеме қадағалаушы қызметін атқарып отыр. Қаржы мәселесі оның құзырына кірмейді. Дегенмен, наурыз айы бойынша Қарақия аудандық кірістер басқармасына 98 мың теңге келіп түскені белгілі болды. Өкінішке қарай, кіру ақысын төлеуде қиындықтар туындап отыр. Себебі банктік қосымша арқылы төлеу үшін интернет байланысы нашар, ал қолма-қол төлеуге болмайды. Сол сияқты, көпшілікті тегіс құлағдар етпегендіктен, кейбіреулер ақы төлеу керектігін қорық басына келгенде бір-ақ біліп жатады.