Бруцеллез ауруын жұқтырған қостанайлық қызметкер жұмыс берушіні сотқа берді

0
1 671

​Жұмыста жүріп бруцеллез ауруын жұқтырған қостанайлық қызметкер жұмыс берушіні сотқа берді, - деп хабарлайды Қазинформ.


Бруцеллез ауруын жұқтырған қостанайлық қызметкер жұмыс берушіні сотқа берді

фото: inform.kz

Жұмыста жүріп бруцеллез ауруын жұқтырған қостанайлық қызметкер жұмыс берушіні сотқа берді, - деп хабарлайды Қазинформ.

Қостанайдағы ауданның біріндегі зертханада зоотехник маманы бола тұра мал дәрігері қызметін атқарған азаматша жұмыс барысында сарып ауруын жұқтырып алған. Онысын растайтын құжаты да қолында. Салдарынан үшінші топ мүгедегі боп қалған. Осыны біле тұра, жұмыс беруші емделуге қажетті қаржыны тауып беруден жалтарған.

Қостанай облыстық соты әйелдің шағымын қанағаттандырып, жұмыс берушіні зардап шегушінің ем-домға кеткен шығыны мен келтірілген моральдық нұқсанды толық өтеуді міндеттеді.