​ҰБТ өткізуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

0
2 876

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​ҰБТ өткізуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

фото: news.arsu.kz

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Биылғы Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасында» білім саласына үлкен көзқарас танытылып, үлкен көмек берілгелі отыр. Соның ішінде гранттар саны 20 мыңға көбейіп жатыр. 20 мың гранттың ішінде 11 мың грантты техникалық мамандыққа бөлу қарастырылған. Біздің алдын ала өзін өзі тексеру байқау сынағы бойынша матемика мен физика пәнін түлектердің 30 пайызы таңдап отыр. Математика, физика пәндерін таңдаған кезде 52 мамандыққа ары қарай түсуге мүмкіндік бар», - дейді ол.

Рамазан Әлімқұловтың хабарлауынша, екінші орында - химия мен биология. Бұл екі комбинация бойынша түлектердің 25 пайызы алдын ала тесттен өткен.

«Мамырдың 10-да өтініштерді қабылдау аяқталады. Жалпы орташа санағанда тестілеу кезінде БҒМ өңірлерге 1800 өкілін жіберіп, мың жарымға жуық аудиторияны қолданамыз. Техникалық тараптан да жұмыс жасап жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, былтыр бірінші рет онлайн-таратылым жүйесін енгізген едік. Ол біздің ойымызша, өте әділ әрі ашық өткізуге жақсы көмектесті. Биыл сол санды көбейтетін ойымыз бар», - деді ол.

Сонымен бірге, Рамазан Әлімқұлов мемлекет тарапынан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалатынын атады.

«Бұл ретте ешқандай құпия ақпарат жоқ. Мемлекет тарапынан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге 1,5 миллиард теңге жұмсалады. Мұнымен қоса, соңғы үш жылда біз бұл бюджетті көтермегенімізді ескеру керек. Ал мектеп түлектерінің саны жыл сайын артып келеді», - деп түйді Рамазан Әлімқұлов.

Айта кетсек, биыл 146 мың мектеп бітірушінің 96963 мыңы ҰБТ тапсыруға өтініш білдіріп отыр. Олардың 80 пайызы, яғни 73 мыңы тестті қазақ тілінде тапсыруға бел байлаған.