Әбу-Даби мен Астана бағыты бойынша рейстер саны артады

0
508

Рейстер сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері A-320 типті әуе кемесінде орындалатын болады.


Әбу-Даби мен Астана бағыты бойынша рейстер саны артады

ERNUR.KZ.Биыл жазда Әбу-Даби мен Астана бағыты бойынша рейстер саны артады. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылғы 1 шілдеден 31 тамызға дейінгі аралықта Біріккен Араб Әмірліктерінің Etihad Airways әуе компаниясы «Әбу-Даби - Астана - Әбу-Даби» бағыты бойынша аптасына 2-ден 3 ретке дейін рейстер санын арттырады. Бұл осы маусымдағы жолаушылар тарыпанан сұраныстың жоғарылауына байланысты жасалып отыр», - деп атап өтілген хабарламада.

Рейстер сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері A-320 типті әуе кемесінде орындалатын болады. Авиакомпанияның мәліметінше, Астанаға жасалатын рейстермен қатар, Бахрейн, Кочин, Белград, Минск және Баку қалаларына да әуе сапарлары саны артады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет