«Бұған ем бар»: Халық емшісі коронавирусты емдеп жазатынын айтты (видео)

0
8 046

"Жағдайы ауыр деген екі адамды беріңіздер..."


«Бұған ем бар»: Халық емшісі коронавирусты емдеп жазатынын айтты (видео)

Әлеуметтік желі арқылы халық емшісі Кенжебай Тоғызбаев коронавирусты жеңе алатынын айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол өз сөзінде еліміздегі төтенше жағдай туралы айта келіп, өз өтінішіне аса мән беруін сұраған.

«Аса мән беруіңізді сұраймыз. Бұл коронавирус жойылады. Жер бетінен жойылады. Бұған ем бар, мүмкіншілік бар біздерде, емделеді. Осыны мойнымызға алып тұрып айтамыз», деген халық емшісі коронавирусты ауру деп есептемейтінін айтқан.

Сонымен қатар, сенімді түрде ең ауыр жағдайдағы науқасты емдеуді өтініп сұрайды.

«Халық арасында дүрбелең тудырмай осы бастан айтамыз. Ең жарамайды, «бітті, өледі» деген адамдарыңызды беріңіздер. Қалғандарын медицина емдей берсін. Егер осыған көздеріңізді жеткізетін болсақ, көзқарастарыңызды емшілер туралы тақырыпқа өзгертсеңіздер деген ұсынысымыз бар», - дейді ол.

Сол сияқты, медицина туралы өз көзқарасын айта келіп, корнавирусты жалғыз емес бірнешеу болып емдейтінін де жасырмай айтып, жауапкершілікті де мойындарына алатынын жеткізген.

Емшінің айтуынша, бірнеше рет хат жазған, бірақ қанағаттанарлық жауап ала алмаған ол медицина өкілдерінің «өздерін жоғары қоятынын» да алға тартыпты.

«Медицина мен мемлекеттің алдында басымды тіктім. Жалғыз мен емес, менің жанымда басқа адамдар да бар... Халқымызды дүрбелеңге салмай, тез арада аяғына тұрғызып вирусты жоқ қып жіберуге мүкіншілік бар», - дейді Кенжебай емші.

Соңынан "Кез келген, СЭС-тің адамы, медицина, мемлекеттің адамы бола ма, бізді сынаққа апаруды өтінемін. Тағы да өтінемін. Жаңағы айтқан екі адамды әкеліп немесе солармен бетпе-бет сол жерде жұмыс істеуге мұрсат берулеріңізді сұраймыз, өтінеміз", - деп аяқтайды сөзін.

Айта кетейік, «Халық емшілерінің анықтамасында» (anck.kz сайтында) Кенжебай Тоғызбаев туралы деректер келтіріліпті.