Бүгін - Тоқтар Әубәкіров алғаш ғарышқа ұшқан күн

0
5 350

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшқан.


Бүгін - Тоқтар Әубәкіров алғаш ғарышқа ұшқан күн

ERNUR.KZ. 28 жыл бұрын 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ» ғарыш кемесімен «Мир» орбиталық кешеніне совет космонавт-зерттеушісі ретінде ұшты. «Союз ТМ» экипажында одан бөлек, совет ғарышкері Александр Волков пен австриялық космонавт Франц Фибек болды. Ғарышкерлер «Мир» кешенінде бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 10 қазанда экипаж Жерге оралды, деп жазады egemen.kz.

Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. 1969–1975 жылдары Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары болған.

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осылайша 45 жасында ғарышкер атанды.