Бүгін Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның туған күні

0
2 461

Әлихан Бөкейхан ​5 наурыз 1866 жылы Семей облысы, ​Қарқаралы уезіне дүниеге келді. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға.


Бүгін Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның туған күні

Әлихан Бөкейхан 5 наурыз 1866 жылы Семей облысы, Қарқаралы уезіне дүниеге келді. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Әлихан Бөкейхан 1926 жылы екі рет тұтқындалды. Қазақ арасындағы зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпауға тырысып, Мәскеуге жер аударды. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.