Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтеді

0
364

Оған 3 мыңға жуық адам қатысатыны күтіледі.


Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтеді

ERNUR.KZ. Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі жұмысын бастайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Екі күнге созылатын съезге 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мүшелері келген.

Діни форумға Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосифтің және басқа да діни жетекшілер, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның өкілдері қатысады.

Кеше кешке Рим Папасын елорда әуежайынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.

Кейіннен Қазақстан Президенті мен Рим Папасы Франциск Ақордада екіжақты кездесу өткізді . Айта кетерлігі, Рим Папасы Францисктің елімізге мемлекеттік сапары Рим Папасы Иоанн II Павел Қазақстанға 2001 жылы келгеннен кейін алғаш рет өтіп жатыр. Бүгін ол елордада месса өткізеді. Оған 3 мыңға жуық адам қатысатыны күтіледі.