Бүгін – "Аналар күні" мерекесі

0
1 382

Мерекеге орай, бүкіл ел бойынша жүзге жуық іс-шара ұйымдастырылады.


Бүгін –

ERNUR.KZ. Қазақстанда Аналар күнін қыркүйектің әр үшінші жексенбісінде атап өту дәстүрге айналған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әйелдер, аналарды құрметтеу дәстүрі Қазақстанда бірінші жыл болмағанымен, бұл мереке ресми түрде 2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.

«Әйелдер – отбасының ұйытқысы. Осыған байланысты мен Аналар күнін құруды ұсынамын», - деп ұсынды сол кезде Назарбаев.

Биылғы жылы мереке 20 қыркүйекке келді.

Пандемияға байланысты көптеген іс-шаралар онлайн форматта өтеді. Мерекеге орай, бүкіл ел бойынша жүзге жуық іс-шара ұйымдастырылады, олар ведомствоның ресми беттерінде көрсетілген.