Бүгін Байқоңырдан кезекті «Союз» ғарыш кемесі ұшырылады

0
1 841

Ғарышкерлер халықаралық ғарыш станциясында алты айға жуық уақыт болады. Олар станцияда ғылыми зерттеулер жүргізеді. Ғарыш кемесі станциямен 8 маусымда түйіседі деп жоспарланып отыр.


Бүгін Байқоңырдан кезекті «Союз» ғарыш кемесі ұшырылады

Онымен үш ғарышкер Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жеткізілетін болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Олар - ресейлік Сергей Прокопьев, германиялық Александр Гершт және АҚШ астронавты Серена Аунон-Канцлер. Ғарышкерлер халықаралық ғарыш станциясында алты айға жуық уақыт болады. Олар станцияда ғылыми зерттеулер жүргізеді. Ғарыш кемесі станциямен 8 маусымда түйіседі деп жоспарланып отыр.

Жерден шамамен 400 километр қашықтықта орбитада жүрген Халықаралық ғарыш станциясында қазір америкалық екі астронавт пен Ресейдің бір ғарышкері бар. Станция командирі Дрю Фейстел және инженер ұшқыштар Рики Арнольд пен Олег Артемьев ғарыш станциясына наурызда ұшырылған болатын. Олар Жерге 14 маусымда оралуға дайындалып жатыр.