Бүгін бір қазақстандық коронавирустан көз жұмды

0
415

Өткен тәулікте республикада коронавирус инфекциясын 120 адам жұқтырғаны анықталды.


Бүгін бір қазақстандық коронавирустан көз жұмды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жаңа жылда алғаш рет коронавирустан адам өлімі тіркелді, деп жазады sputnik.kz.

Өткен тәулікте республикада коронавирус инфекциясын 120 адам жұқтырғаны анықталды. Бір күн бұрын ауруға шалдыққандар саны 105 болған.
10 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустан 2 414 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 263 науқас стационарда, 2 151 науқас амбулаторлық емделуде.
Науқастардың 14-інің жағдайы ауыр, 8 науқастың жағдайы өте ауыр, 4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.