Бүгін Димаш Құдайбергеннің онлайн-концерті өтеді

0
941

Концерт кешкі сағат 20:00-де басталады.


Бүгін Димаш Құдайбергеннің онлайн-концерті өтеді

Бүгін, сағат 20.00-де Димаш Құдайберген өзінің Bastau атты концертін онлайн-режимде өткізеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әншінің жеке концерті Мәдениет және спорт министрлігінің YouТube арнасында көрсетіледі.

Сондай-ақ, концертте опера әншісі әрі "Астана Опера" солисі Майра Мұхамеджанқызы, "Евровидение-2012" байқауының жеңімпазы әнші Лорин, ұлыбританиялық әнші әрі композитор Эллис-Бекстор мен ресейлік әнші Кристина Орбакайте өнер көрсетеді.