Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталады

0
436

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.


Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталады

ERNUR.KZ. Тестілеуге тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2023 жылғы 15 шілдеге дейін өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

Тест тапсырушыларға өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 15 шілдеге дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің жеке кабинетінде ұсынылады. Кешенді тестілеудің өзі 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

"Кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіліп, үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Бұған, жалпы алғанда, 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады", – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Биылғы жылы ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балл, ал бейінді магистратураға 50 балл . Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін бірден апелляцияға өтініш бере алады.