Бүгін Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болады

0
1 180

отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбеген.


Бүгін Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болады

Бүгін Нұр-Сұлтанда қала күніне орай отшашу болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді. Ол тікелей эфирде сағат 23:00-де «Хабар 24» телеарнасында көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады», - делінген елорда әкімдігінің Instagram-парақшасында жарияланған ақпаратта.




Әкімдік мәліметінше, отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбеген. Шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

Сонымен қатар отшашуды барып көретін тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтап, маска тағуы, әлеуметтік қашықтықты ұстануы және антисептик қолдануы тиіс.