Бүгін Ташкентте қазақстандық үш боксшы чемпиондық атақ үшін рингке шығады

0
521

Астана уақытымен сағат 18.00-де басталады.


Бүгін Ташкентте қазақстандық үш боксшы чемпиондық атақ үшін рингке шығады

ERNUR.KZ. Ташкент қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандық спортшы финалда өнер көрсетеді, деп жазады inform.kz.

Астана уақытымен сағат 18.00-де басталатын бокс кешінде алдымен 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Ойбек Джураевпен жұдырықтасады.

Төртінші жекпе-жекте ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) тағы бір өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен рингке шығады.

Бұл күні 80 келіге дейінгі салмақта өтетін бәсеке қызықты болмақ. Онда Нұрбек Оралбай Қытай атынан шығатын қазақ жігіті Тоқтарбек Таңатханмен қолғап түйістіреді. Қай жеңгені чемпион атанады.