Бүгіннен бастап халық санағы дәстүрлі форматта өтеді

0
536

Интервьюерлер үйлерді аралап, сауалнама жүргізеді.


Бүгіннен бастап халық санағы дәстүрлі форматта өтеді

ERNUR.KZ. Қазақстанда бүгіннен бастап халық санағы дәстүрлі форматта өтеді. Интервьюерлер үй-үйді аралап, сауалнама жүргізеді. Бұл осыған дейін онлайн санақтан өте алмағандарға қатысты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оффлайн форматтағы санақ 30-шы қазанға дейін жалғасады. Бұл жұмысқа 20 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылды. Олардың барлығы ковидке қарсы вакцина алған. Әрқайсысы арнайы планшеттермен қамтылған. Алынған барлық ақпарат Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі. Қызметкерлер, азаматтардың жеке дерегін жария етпеуге міндетті. Олар көк орауыш тағып, санақ символы бар портфел ұстап жүреді. Сонымен қатар, әрқайсысында тіркеу нөмірі бар арнайы куәлік болуы тиіс. Оның түпнұсқалығын Sanaq.gov.kz сайтынан тексеруге болады.

Айта кетейік, 1-30 қыркүйек аралығында санақ онлай жүргізіліп одан 6 миллионнан астам адам өтті.