"Бүкіл елге таралуы мүмкін еді": полиция арнайы операция жүргізді (видео)

0
1 856

​Күдіктілердің Павлодар, Қарағанды және Ақмола облысында есірткі өндіретін бірнеше зертхана ашқаны анықталды.


ERNUR.KZ. Қарағанды облысы полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы операция жүргізіп, синтетикалық есірткі заттарын дайындап, сатумен айналысатын төрт есірткі зертханасын анықтады, деп жазады sputniknews.kz.

Оның екеуі Қарағанды облысында болса, қалған екеуі Ақмола облысы мен Павлодар қаласында анықталды.

31 наурызда Ақмола облысында қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды.

"30 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны үй сатып алып, оның ішін ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын жасайтын құрал-жабдықтармен толтырып, кейін жасалған есірткіні басқа да өңірлерге сатпақ болған", – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Санкцияланған тінту жүргізу барысында ұсталған азаматтан үш келіден астам дайын "мефедрон" есірткісі мен 35 литр сұйық "мефедрон" есірткі заты табылды. Сондай-ақ, үш мың литр сұйықтық, шамамен 50 келі жаппай прекурсорлар алынды.