Букмекерлік кеңселердің басшылары бас бостандықтарынан айырылды

0
832

Қылмыстық іс бойынша олардан 700 млн теңгенің мүлкі тәркіленді.


Букмекерлік кеңселердің басшылары бас бостандықтарынан айырылды

ERNUR.KZ. PariMatch, ВК Triumph, Фаворит және PROFITBetting букмекерлік кеңселерінің басшылары жауапқа тартылды, деп жазады inbusiness.kz.

Құмар ойындарының өкілдері заңды бизнеспен қатар заңға қайшы кәсіппен айналысқан. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, онлайн-казиноның көрігін қыздырған.

Сот үкімімен PariMatch БК және BK Triumph БК лауазымды тұлғаларына 500 және 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал Фаворит және PROFITBetting букмекерлік кеңселерінің басшылары 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс бойынша олардан 700 млн теңгенің мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік, елімізде «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес ел аумағында электронды казино мен интернет-казино қызметін жүзеге асыруға тыйым салынған.