Бұқтырма қоймасында балықшылар мінген көлік су астына түсіп кетті

0
2 148

Бұқтырма су қоймасына балық аулауға шыққан ер адамдардың көлігі мұз астына түсіп кетіп, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Sputnik Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар бойынша департаменті баспасөз қызметіне сітлеме жасап.


Бұқтырма қоймасында балықшылар мінген көлік су астына түсіп кетті

фото: © sputnik

Бұқтырма су қоймасына балық аулауға шыққан ер адамдардың көлігі мұз астына түсіп кетіп, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Sputnik Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар бойынша департаменті баспасөз қызметіне сітлеме жасап.

Сенбі күні құтқарушыларға түскен хабар бойынша, Алғабас ауылынан төрт шақырымдай жердегі су қоймасында Nissan Almera көлігі мұз астына түсіп кеткен. Құтқарушыларға қоңырау шалған ер адамдар көлік ішінде жолдасының қалып қойғанын жеткізген.

Үш ер адам Өскеменнен балық аулауға барған екен. Төңірек пен су қоймасын толық зерттемеген балықшылар көлікпен қамыс жаққа қарай беттейді.

"Жергілікті тұрғындар бұл жерде су асты бұлақтары ағып жататынын, мұздың жұқа екенін жақсы біледі. Жолды қар басып қалғандықтан, ер адамдар оны байқамай жүре берген. Мұз сынып, көлік су астына кетіпті", — делінген хабарламада.

52 жастағы екі жолаушы су ішінде көліктен шығып үлгеріпті. Ал 68 жастағы жүргізуші шыға алмаған көрінеді.

Бұқтырма қоймасында сүңгуірлер суға кеткен ер адамның денесін іздеп жатыр.

Зардап шеккендер құтқару қызметіне өздері хабарласқан. Күн кешкіріп кеткендіктен, жүргізушіні іздеу келесі күнге қалдырылды. Құтқарушылар екі адамды Күршім ауылына жеткізген.

Келесі күні таңертең сүңгуірлер үш метр тереңдіктен жүргізушінің денесін алып шықты.