Бұқтырма өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
1 272

Қазіргі уақытта Тұрғысын ауылының маңында 20 мың шаршы метр аумақта мұз ұсақталды.


Бұқтырма өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, үйлерді су басуының алдын алу үшін Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінде мұз жару жұмыстары қолға алынған.

"Қазіргі уақытта Тұрғысын ауылының маңында 20 мың шаршы метр аумақта мұз ұсақталды. Аудан бойынша су басу қаупін барынша азайту мақсатында бірқатар жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, су ағатын арналар, көпірлер, арықтар, су өткізгіш құбырлар тазалануда. Халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Енді алдағы уақытта өзендегі мұз жару жұмыстары Малеевск, Богатырево, Быково ауылдары мен Зубовск кентінің маңында жүргізіледі. Алтай ауданында барлығы 12 елді мекенді су басу қаупі бар.