Бұл жұмысты жалғастырамыз – елорда әкімі LRT құрылысы туралы

0
2 404

Әкім бұл нысан қала көркін бұзып тұрғанын да мойындады.


Бұл жұмысты жалғастырамыз – елорда әкімі LRT құрылысы туралы

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысын жалғастыру үшін инвесторлар іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

«LRT елордалықтардың көкейіндегі мәселе екенін білемін. Оны жалғастыру жөніндегі сұрақ пандемия кезінде уақытша тоқтатылған болатын. Өйткені Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерден ғана емес, халықаралық банктерден де қарыз алуға тура келеді. Қазір бұл жұмыс қайта жанданды», – деді Көлгінов.

Әкім бұл нысан қала көркін бұзып тұрғанын да мойындады.

«Иә, бұл құрылыс шынымен де қала көркін бұзып тұр. Қыруар қаржы жұмсалды. Сондықтан бұл жұмысты жалғастырамыз. Қазір банктермен инвестиция тарту бойынша жұмыс жүріп жатыр», – деді ол.